Embassy of Kazakhstan to the Czech Republic

Прагада XVI «Қазақстан халқының мәдениет күндері»
Фестивалінің ашылуы салтанатты рәсім өтті
2022 жылы 20 қыркүйекте Прагада, Қазақстан Республикасының Елшілігі мен «Елім-Ай» қазақстандық мәдени орталығының қолдауымен Фестивальдің Прагадағы Қазақстан халқының мәдениет күндері салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Қазақстандық дипломаттар қонақтарға екі елдің Қазақ-Чех мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы жетістіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Мәдениет министрлігі Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Петр Хниздо өз сөзінде: «Қазақстанның мәдениет күндері, Қазақстан мен Чех арасындағы екіжақты байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосады, мұндай шаралар біздің уақытта маңызды. Қазақстан мәдениеті көп қырлы және бірегей, ал халықтың тарихы жарқын және терең».
Чехиялық көрермендер әр түрлі музыкалық және өнер ұжымдарының қойылымдарын тамашалауға мүмкіндік алды. Фестиваль аясында «Қазіргі Қазақстан» фотокөрмесі, «Менің Отаным – Қазақстан» балалар суреттерінің көрмелері ұйымдастырылды.
Ашылу салтанаты бағдарламасының концерттік бөлігінде Орта Азия халық фольклорлық топтары өнер көрсетті, қазақ күйлерінің орындаушылары, Прагада оқып жатқан қазақ студенттері белгілі қазақ шығармаларын орындады.
Фестиваль екі аптаға созылады, оның аясында қазақтың белгілі қоғам және саяси қайраткерлері, ақын -жазушылар, мемлекет қайраткерлері: Қаныш Сәтбаев, Жүсіпбек Аймауытов, Шоқан Уәлихановқа, «Алаш» қоғамдық-саяси қозғалысының жетекшісі Ахмет Байтұрсынов арналған деректі фильмдер көрсетіледі, және Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған фотокөрмелер.

Recent posts

See All
  • Hans Weber
  • May 11, 2026

Nabucco at the Theatre in Liberec

  • Hans Weber
  • May 11, 2026

Victory Day Reception at the Russian Embassy in Prague

  • Hans Weber
  • May 8, 2026

Canadian Chamber of Commerce Business Breakfast at the Embassy of Canada in Prague

Prague Forum Membership

Join us

Be part of building bridges and channels to engage all the international key voices and decision makers living in the Czech Republic.

Become a member

Prague Forum Membership

Join us

    Close