Embassy of Kazakhstan to the Czech Republic

2023 жылғы 11 тамызда “Қазақстанның достар Клубымен” мәдени, ғылыми және сараптамалық топтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан кездесу өткіздім.
Сарапшылар, Чех Республикасының ғалымдары дипломатиялық қатынастардың отыз жылдығының қорытындыларын талқылады, сондай-ақ екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастардың одан әрі дамуы мен нығаюының негізгі сәттерін қозғады.
Әңгіме барысында Қазақстандағы экономикалық және саяси реформалардың маңыздылығын атап өтіп, Президенті Қ.К. Тоқаев жүргізіп жатқан саяси реформалардың түйінді бағыттарына ерекше тоқталды. Сондай-ақ, соңғы жылдары Мемлекет басшысы әлеуметтік әділеттілік қағидаттарымен байланысты әлеуметтік саясаттың жаңа контурларын қалыптастырып жатқанын атап өтті. Іс-шара чехиялық қоғамдық-саяси топтардың, жұртшылықтың соңғы жылдары Қазақстан басшылығы іске асырып жатқан жаңа әлеуметтік саясатқа деген қызығушылығын көрсетті, ол тұтастай алғанда жоғары сараптамалық баға алды.
Іс-шара барысында қатысушылар екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған күннен бастап 30-жыл ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жетістіктер туралы пікір алмасты және Қазақстан мен Чех Республикасының арасындағы көп қырлы қатынастар одан әрі дамитынын атап өтті.

Recent posts

See All
  • Hans Weber
  • March 27, 2026

Praha verwandelt sich für einen Tag in die Weinkarte Deutschlands

  • Hans Weber
  • March 27, 2026

Eleutheria Foundation Invites to “Intervista Pubblica con Francesca Mannocchi & Nathan Thrall”

  • Hans Weber
  • March 26, 2026

Successful Promotion Event for the Fourth China International Supply Chain Expo in Prague

Prague Forum Membership

Join us

Be part of building bridges and channels to engage all the international key voices and decision makers living in the Czech Republic.

Become a member

Prague Forum Membership

Join us

    Close