Embassy of Kazakhstan to the Czech Republic

Чех Республикасының сарапшылар қауымдастығы ҚР Президенті
Қ. Тоқаевтың жолдауына жоғары баға берді
Прага қаласында 2022 жылдың 15 қыркүйегінде – Қазақстан Республикасының Чех Республикасының Елшілігінде “ҚР Президентінің Қазақстан халқына “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Жолдауын талқылады. Жиынға чех қоғамының, мәдениет, білім және бұқаралық ақпарат құралдары, сонымен қатар “Қазақстан достары клубының” өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Қазақстандық дипломаттар іс-шараға қатысушыларды Президент Жолдауының негізгі қағидаттарымен, сондай-ақ елдің саяси жүйесін жаңғырту жөніндегі реформалармен жақын таныстырды.
Чех сарапшылары Қазақстанды одан әрі демократияландыру бағытының жалғасы болып табылатын Президенттің жаңа саяси бағдарламасына үлкен қызығушылық танытты. Атап айтқанда, Парламент Сенатының депутаты Я.Жалоудик өз сөзінде: “Жолдауда қойылған міндеттер олардың ауқымдылығы мен өршілдігі тұрғысынан маңызды болып көрінеді, мен Қазақстан Халқына Жолдау аясында қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынына сенімдімін. Қазақстан Президентінің ел Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы ұсыныстары уақтылы және республика дамуының қазіргі кезеңінде қажет. Чех Парламенті Сенатының депутаты ретінде мені де қазақстандық тәжірибе қызықтыратыны сөзсіз”, – деп атап өтті.
Чех Федералды теледидарының журналистері Д.Вресталова мен Д.Стоматова өз сөздерінде: “Қ. Тоқаевтың Жолдауында батыл міндеттер тұр, Білім беру, Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік реформаларды одан әрі дамыту бағдарламасы айқындалған, Қазақстан халқы оларды іске асыруға батыл түрде дайын екеніне сенімдіміз. Қазақстанда қалыптасқан саяси жаңғырту жүйесі сындарлы диалог құруға ықпал етеді және көптеген әлеуметтік-экономикалық міндеттерді сапалы орындау үшін қажетті қолайлы жағдайлар жасайды”.
Іс-шара соңында ҚР Президенті Жолдауының негізгі қағидаттары бойынша сындарлы пікір алмасылды.

Recent posts

See All
  • Hans Weber
  • March 11, 2025

Celebrating National Pride: Bulgaria’s National Day Reception in Prague

  • Hans Weber
  • March 6, 2025

A Celebration of Sovereignty and Freedom: Kuwait’s National and Liberation Day Reception at the Mandarin Oriental Hotel

  • Hans Weber
  • March 6, 2025

An Insight into Japan-Czech Relations: An Exclusive Interview with the Japanese Ambassador

Prague Forum Membership

Join us

Be part of building bridges and channels to engage all the international key voices and decision makers living in the Czech Republic.

Become a member

Prague Forum Membership

Join us

    Close